Жеңіс күні

Жеңіс күні – бұл Кеңес халқы ерлігінің тойланатын күні. Бұл аға буынның Отанға деген адал махаббатын көрсетіп, жастарды қажымас қайрат пен ерлікке тәрбиелейтін мейрам.

Жақында Ұлы Жеңістің 71-жылдығына арналған елеулі шаралар қарсаңында, Қостанай қаласының Достық үйінде  қорқынышты соғыс ауыртпалығын көтерген, үлкен өмір жолында қуаныш пен жетістікті, шығын және ауыртпашылықты бастарынан кешірген ардагерлерге арналған іс-шара, жастарға патриотизм, батырлық, Отанға деген махаббатты біз үшін жеңіске жеткен ардақтыларға құрмет көрсету мақсатымен өткізілді.

Екінші курс курсанттары аталған іс шараны өткізу барысында ұйымдастырушыларға көмек көрсету үшін шақырылды. Ұлдар мен қыздар салтанатты іс-шараны ұйымдастыруға қуана атсалысты. Олар қонақтарды күтуге және шығарып салуға, залдағы орындарын тауып беріп, оларды тіркеуге көмектесті. Ардагерлерге арналған бағдарламада би композициясы мен қызықты конкурстар болды. Олардың арқасында мереке жылы және досшыл ортада өтті. Біздің курсанттар бекітілген тапсырманы оңай атқарды. Біздің екінші курс курсанттары бұл мерекеге белсенді қатыса отырып, көптеген жағымды эмоциялар алды.

 

2 курс курсанты Маликова Улбосын

День Победы

 

День Победы – это день, когда празднуется подвиг советского народа. Это праздник истинной любви старших поколений к Отчизне, воспитания молодежи в духе беззаветного мужества и патриотизма.

В преддверии значимого события, в 71-ю годовщину победы советского народа в Великой Отечественной войне, недавно в Доме Дружбы города Костанай было проведено мероприятие для ветеранов войны, которые вынесли на плечах тяготы страшной войны, прошли огромный жизненный путь с радостями и удачами, потерями и невзгодами, с целью воспитания патриотизма, героизма, любви к Родине, уважения к тем людям, которые завоевали для нас Победу.
Курсанты второго курса были приглашены в помощь организаторам при проведении данного мероприятия. Юноши и девушки с удовольствием приняли участие в организации торжественного мероприятия. Они встречали и сопровождали гостей, рассаживали их в зале и помогали на регистрации. В программе для ветеранов были интересные конкурсы, танцевальные композиции. Благодаря им праздник прошел в теплой и дружеской обстановке. Наши курсанты с легкостью справились с поставленными задачами. Курсанты нашего второго курса приняв активное участие, получили массу положительных эмоций.

 

Курсант 2 курса Маликова Улбосын