Қаламы қарымды қаламгер

Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 18 мамыр күні республикамызға танымал белгілі журналист, академик, публицист, жазушы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Оразалы Жақсановтың 60 жылдығына арналған кездесу кеші өтті.

21_02_1

Осы мәдени шараны Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан КОФ «Құқық қорғау» мамандығында оқитын 102 топ курсанттары да тамашалады.

21_02_2

Кешке жазушы ағамыздың жора-жолдастары, ақын-жазушылар, суретшілер, қоғам қайраткерлері қатысып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін, тілектерін білдірді. Ағамыздың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі қарапайымдылығы екенін келген қонақтардың барлығы тілге тиек етті.

21_02_3

Бұл дегеніміз басынада дәні толық бидайдың сабағы ғана төмен салбырап тұратыны сияқты егер тәрбиесі, білімі, көргені көп, өзін ғана емес, өзгелердің де жағдайын ойлай білетін азаматтар ғана кеудесін кермей, кішіпейіл болып жүретіндігіне дәлел. Бұндай мәдени ағартушылық шаралардың курсанттар бойында махаббат сезімін оятып, мәдени тұрғыдан оянып,  жақсы сезім құшағына бойлауына әсер ететіні сөзсіз.

21_02_4

Осынау үлгі тұтар ағамыздың кешінің соңында көрмеге қойылған бірқатар танымал еңбектерімен танысып, естелік үшін суретке түстік.

21_02_5

102 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Ж.А.Сабырбеков