«МӘДЕНИ МҰРА»

Қостанай облысы бойынша жоғары оқу орындарының арасында өтетін
«Студенттік көктем-2016» фестивалі «Жетістіктеріміз мерейтоға» ұранымен биыл ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында өткізілді. Айтулы іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығына, Қостанай облысының 80 жылдығына, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылғанына 45 жыл және Қазақстанның басқа да  тарихи мерейтойлық даталарына арналды.

Біздің оқу ордамыздың тарихында үшінші рет өтіп отырған фестивальдің  мақсаты: жоғары оқу орындары арасындағы достық

байланыстарын арттыру; этносаралық және дінаралық қарым-қатынастарын үндестіру, толеранттылықты күшейту, жастар арасындағы ұлтаралық қатынастарының жүйесін құруына бағытталған Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын зерделеуі, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігі деңгейін арттыру, ұлттық бірлігі мен достықты күшейту, жастардың хабардаршылығын арттырып, қоғамдық дискуссияға тарту, елімізде және шет елде Қазақстанның басты жетістіктерін көпшілікке таныту, жастар арасында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру және кәзіргі экономикалық, әлеуметтік және саясаттық шындықтарын ашып, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи жолдарын көрсету, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін ояту, мәдени деңгейін арттыру және жоғары оқу орындар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту.

Осы фестивальдің аясында «Мәдени мұра» байқауы 14 мамыр күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында өткізілді.

Байқауда, хореография:

  1. Айшықты халық биі (ұлттық хореографияға негізделген би, әртүрлі әзірленудегі халық әні музыкалық материал бола алады, әртүрлі жанрлар және стилдер қолданылады.
  2. Қазіргі уақыттағы хореография (джаз, модерн, контемпорари, неофолк, заманауи пластика, степ және т.б бағыттар).
  3. Дала биі (брейк-данс, диско, хип-хоп, клубтық би).

Вокал:

  1. Ұлттық ән айту (соло, дуэт, трио).
  2. Эстрадалық ән айту (соло, дуэт, трио).
  3. Академиялық ән айту.

Аспапта ойнау:         

  1. Ұлттық аспаптар.
  2. Классикалық аспаптық шығармашылық болып үш жанрға бөлінді.

Байқау барысында «Үздік би» номинациясымен  — А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, «Үздік вокал» номинациясымен — М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университеті,  «Үздік аспаптық орындау» номинациясымен Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты  марапатталды.

Ал оқу орындары арасынан гран-приға Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиялы, 1 орын Рудный индустриалдық институты, 2 орынды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 3 орынды ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жеңіп алды.

20_01_1

20_01_2

20_01_3

20_01_4

20_01_5

20_01_6

20_01_7

20_01_8

20_01_9