Пікірсайысшылар жүлделі оралды.

Академиямыздағы курсанттар арасындағы пікірсайыстың дамуы өте қуантарлық жайт. Пікірсайыс бұл тек сөз өнері емес, сонымен қатар ғылым болып табылады. Адамның білімі мен жан-жақтылығын қажет ететін сайыстың бұл түрі интеллектуалдық ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастырудың биік шыңы. Осыны негізге ала отырып, Республика көлемінде пікірсайыстың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан «Заң және тәртіп» пікірсайыс клубының мүшелері тағы да ерледі десе болады.

19_02_1

2016 жылдың мамыр айында 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған  » ENU CUP Х: Өшпес күндер..» Дəстүрлі Х ENU CUP халықаралық турнирінде академиямыздың 3-курс курсанттары Қабай Манар мен Қуандық Байболат II-ші орынға ие болды. Аталмыш турнир Астана қаласының Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қабырғасында өтті. Турнирге жалпы 48 команда қатысты. Бұл турнирде курсанттарымыз өздерінің пікірсайыспен қатар шығармашылық қабілеттерінің де жоғары екендігін көрсетті. Аталмыш турнир аясында өткізілген «Өшпес күндер естелігі» атты республикалық шығармалар байқауында Қабай Манар II-орынды қанжығасына байлады.

19_02_2

Біздің курсантымыз Манар «- Мен өзімнің шығармашылық еңбегімде курсанттық өмірімді отансүйгіштік қасиетімен сабақтастырдым. Отансүйгіштік- адам бойындағы ең асыл қасиет. Өз шығармамды өзгелерге өнеге болсын деген ниетпен жаздым. Себебі біз құқық қорғау органының қызметкерлері ретінде Отанымызға бар жүрегімізбен, ынтамызбен, адал ниетімізбен қызмет етуіміз керек. Ал бойына Отансүйгіштік қызметін дарыта білген адам, өз мемлекетіне дәл осылай қызмет етеді деген үміттемін», дейді өз сөзінде.

Жүлделі орындарға ие болған курсанттарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта зор жетістіктермен, шығармашылық табыстар тілейміз!

 

 

Академияның баспасөз хатшысы

М. Оспанов