Кафедра апталығы аясындағы шығармашылық байқау туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында кафедра апталығын өткізу бүгінгі күні дәстүрге айналған іс-шаралардың бірі болып отыр.

18_04_1

2016 жылдың 17 мамырында ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын күндізгі оқыту факультетінің курсанттары арасында «Менің мамандығым» тақырыбына шығармашылық сурет байқауын өткізді.

18_04_2

Қазіргі уақытта еліміздің  ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмыстың жаңа бағыты іске асырылуда. ІІО жергілікті құрылымдарында пробация қызметі жұмысын одан әрі дамытып қалыптастыру шаралары іске асырылуда. Академияда «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын курсанттар жаңа мамандықты игеруде үлкен қызығушылық танытуда және түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуда. Өздерінің шығармашылық жұмыстарында курсанттар өздерінің болашақ мамандығына және алдағы уақытта атқарылатын жұмысына деген қызығушылығын көрсете білді.

18_04_3

Өткізілген байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындарды күндізгі оқыту факультеті 214-оқу тобының курсанты Көшербаева Жансая, 215-оқу тобының курсанты Жалғасқанов Ербол, 115-оқу тобының курсанты Ступа Александр иеленді. Ал осы байқаудың жеңімпазы болып 312-оқу тобының курсанты Ташмухаметова Айда танылды. Кафедра бастығы Н.А. Тулкинбаев жүлдегерлерге мақтау грамоталарын тапсырды және оларға өздерінің мамандықтарын игеруде қажымас қайрат және сәттілік тіледі.

18_04_4

18_04_5

 

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының аға оқытушысы Е.К. Кудебаев