Көктемгі үздік жұп

18_03_1

18_03_2

2016 жылдың 14 мамырында «Студенттік көктем — 2016» фестивалі аясында «Көктемгі жұп — 2016» сайысы өтті, аталмыш сайыста ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жұбы, 2-курс курсанттары — Асқар Абдулла және Назерке Асимакун айқын жеңіске жетті. Жалпы барлық сайыстың түрінде қазылар алқасы бірауыздан біздің жұпқа жоғары балл беріп отырды.

18_03_3

 «Визит карточкасы» кезеңінде көрермендер және қазылар алқасы Асқар мен Назеркенің өздерін бірегей ұсына алуын, астарлы әзілдерін, бір-бірін әдемі және сәнді таныстыра алуын  бағалады.

18_03_4

18_03_5

18_03_6

Олардың шығармашылық нөмірі барлық көрермендерді жаулап алды. Асқар мен Назерке би арқылы түңілу мен мұңдағы, құштарлық пен еркін шаттықтағы сезімнің тұтастай шоғырын бере алды. Асқардың жақсы дене бітімі, Назеркенің әсемділігі жұпқа бидің ең қызығы болған техникалық тұрғыдан қарағанда күрделі қолдауды орындауға мүмкіндік берді. Назерке нәзік және сәнді, ал Асқар – әлді де өзіне сенімді болды.

18_03_7

Асқар мен Назерке «Пресс-конференция» сайысында жүргізушілердің қойған сауалдарына мүлтіксіз жауап берді. Олардың жауаптары әзілге, ұшқын жалынға толы болды. Сонымен қатар олар мінсіз көрінді.

18_03_8

«Көктемгі жұп — 2016» сайысының «Ақсүйектер балы» атты кезеңінде біздің жұп тамаша көрінді. Олар әдеттегіден тыс бидің па қимылын салып, өздерінің әсем киімдерін көрсете, вальс биінде жеңіл қозғалды.

18_03_9

Олардың жеңісі лайықты болды: Асқар мен Назерке сайысқа тиянақты дайындалды. Бірнеше сағаттық дайындық, бейнеге түсу, костюмдер таңдау және әшекейлену – бұның барлығы оларды жеңіске жеткізді.

«Көктемгі жұп — 2016» сайысына дайындық барысында келесідей 2 және 3-курс тыңдаушыларының жеңіске жету үшін қосқан орасаң зор үлесін айта кеткім келеді: Сакаева Злика, Бочарова Екатерина, Шаримова Рауза, Муратов Ербол, Нусипхан Гульнур, Досымхан Данияр, Сафина Саясат, Дуйсенбай Мольдыр, Кайырлынов Жусуп, Букпенова Махаббат, Абилов Алиби, Алтаев Ернур, Ескожаев Талгат, Нуржанов Вячеслав, Елеупов Саруар. «Визит карточкасы» сайысы үшін бейнеролик дайындаған фотограф Камалов Сейітқали Мұхамбетқалиұлына жеке алғысымызды білдіргіміз келеді.

Сайыс кезінде жанкүйерлер біздің қатысушыларды көтермелеп, өздеріне деген сенімділіктерін ұялатып, белсене қолдап отырды. Ал олар болса, шапалақ нөсерінен жандана түсті.

 

Академия Әйелдер кеңесінің мүшелері

полиция майоры Елена Бекжанова

полиция майоры Елена Федотова

 

 

Лучший весенний дуэт

14 мая 2016 г. в рамках Фестиваля «Студенческая весна-2016» прошел конкурс «Весенний дуэт-2016», в котором убедительную победу одержала пара Костанайской академии МВД РК им. Ш. Кабылбаева – курсанты 2 курса Абулла Аскар и Асемакун Назерке. Практически во всех конкурсах жюри единогласно выставляло максимальные баллы нашему дуэту.

В «Визитной карточке» Аскара и Назерке зрители и жюри оценили неординарный подход, тонкий юмор, умение красиво и элегантно представить друг друга.

Их творческий номер покорил всех зрителей. Аскар и Назерке посредством танца передали целый спектр эмоций от разочарования и грусти, до страсти и непринужденного веселья. Хорошая физическая подготовка Аскара позволила и пластичность Назерке позволили дуэту выполнять сложные в техническом плане поддержки, которые стали изюминкой танца. Назерке была нежной и грациозной, а Аскар — сильным и уверенным в себе.

Аскар и Назерке не растерялись, отвечая на вопросы ведущих в конкурсе «Пресс-конференция». Их ответы были наполнены юмором и искоркой задора. К тому же они выглядели безупречно.

На «Светском балу» — завершающем конкурсе «Весеннего дуэта-2016» — наша пара была необыкновенно хороша. Они легко кружились в вальсе, демонстрируя необычные танцевальные па и свои великолепные наряды.

Победа была заслуженной: Аскар и Назерке тщательно готовились к конкурсу. Многочасовые репетиции, съемки видео, подбор костюмов и украшений — все это привело их к победе.

Надо отметить неоценимый вклад, который внесли в победу следующие курсанты 2 и 3 курсов при подготовке к конкурсу «Весенний дуэт»: Сакаева Злика, Бочарова Екатерина, Шаримова Рауза, Муратов Ербол, Нусипхан Гульнур, Досымхан Данияр, Сафина Саясат, Дуйсенбай Мольдыр, Кайырлынов Жусуп, Букпенова Махаббат, Абилов Алиби, Алтаев Ернур, Ескожаев Талгат, Нуржанов Вячеслав, Елеупов Саруар. Отдельная благодарность фотографу Камалову Сейткали Мухамбеткалиевичу за участие в съемке видеоролика для конкурса «Визитная карточка».

Во время конкурса болельщики активно поддерживали наших конкурсантов, подбадривая их и вселяя в них уверенность в себе. Они то и дело взрывались шквалом аплодисментов.

 

Члены Женского совета Академии

майор полиции

Елена Бекжанова

майор полиции

Елена Федотова