«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» 

 2016 жылы 8 мамыр күні 201 топтын жетекшісі, полиция капитаны А.Б. Ақылбековамен 1-курс магистранты, полиция аға лейтенанты М.А. Жұмашев 201 топтың курсанттарына «9 мамыр – Жеңіс күніне орай» Жеңіс саябағында экскурсия өткізілді.

12_03_1

Экскурсияның мақсаты курсанттарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту және де курсанттарды үлкендерді  сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу болып табылады.

12_03_2

Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары.  Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат бердік. Жеңіс саябағында курсанттарды  Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерінмен және де әскери техниканың экспонаттарымен таңыстырып шықтық.

12_03_3

Ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

201 топтын жетекшісі

полиция капитаны

А. Ақылбекова

1-курс магистранты

полиция аға лейтенанты

М. Жұмашев