ОТАНДЫ СҮЮ — МІНДЕТІҢ, ОТАНДЫ ҚОРҒАУ — ПАРЫЗЫҢ!

 Туған жерді, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Біздің де сонау ғасырлардан бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Бәйтеректей жайқалған қазақ жерін көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті және азаматтық парызы. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы, дастарханы ырысты атамекеніміздің тарихы да терең ойлы. Сондықтан осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауаппен қарау, ел тыныштығымен қатар рухани бірлікті сақтау – әрбір жас сарбаздың парызы. Отан қорғаушылар күні 7 мамыр болғандықтан, осы айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға, академияның офицер мырзалары және курсанттарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Осы мерекеге орай, 2016 жылдың 6 мамырында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ –нің құқық қорғау мамандығы 108 оқу тобында кураторлық сағат аясында «Отанды сүю — міндетің, Отанды қорғау — парызың!» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты туған жерді қастерлеу, Отанды сүю, адал қызмет ету және ата-баба аманаты болып қалған ұлан-байтақ қазақ даласын аман сақтап, бейбіт күнде баянды тіршілік ету тәртіп пен тәрбиеге байланысты болады.

11_04_1

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың балаға деген мейірім, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Бұрыңғы ата-бабамыз ата-ананың тілегі, ақ батасыз жолға шықпақ түгел, бір істі де бастамаған. Осы тәрбие сағатында 108 оқу тобы курсанттарының ата-әжелері, әке-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары мерекеге орай, өздерінің тілек – лебіздерін бейне таспаға жазып жолдады. Осы видео – бейнені көріп курсанттар сағыныштарын басып, бір қуанып қалды.

11_04_2

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Тәрбие сағаты соңында 108 оқу тобы курсанттарына мерекеге байланысты топ кураторы атынан тәтті бәліш сыйға тартылды.

11_04_3

Отанды сүюмен патриотизм, ұлтжандылық, туған елге ізет, туған жерге қызмет — бәрі қатарлас ұғымдар. Отанға деген сүйіспеншілік — оған жанашырлықпен қарауға, көркейтуге үлес қосуға, адал қызмет етуге, халықты сыйлауға, халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, қалыптасқан мәдениеті секілді қастерлі ұғымдарын құрметтеуге негізделуі тиіс. Осы мақаланы 108 оқу тобының ата-аналары жолдаған бейне таспадағы тілек – лебіздері ішіндегі мына бір жыр шумақтарымен аяқтауды жөн көрдік:

 

 

Нұр шашсың курсант үшін әр атқан таңдар,

Сұлтан болып, туған елге тұрақтаңдар,

Ел сендерге сенеді жас ұландар,

Абыройдың ақ туын құлатпаңдар!

108 оқу тобының кураторы

полиция лейтенанты

Н.Ж.Турсумбаева