ТАРИХИ ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ

11_03_1

2016 жылдың мамыр айының 7 жұлдызында КОФ құқық қорғау мамандығы бойынша оқитын 102 және 108 топ курсанттарын қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, тарихи тұлға Ыбырай Алтынсариннің  Қостанай қаласындағы мемориалдық мұражайына өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында кураторлар полиция аға лейтенанты Ж.Сабырбеков пен полиция лейтенанты Н.Турсумбаеваның жетекшілігімен экскурсия сабағы ұйымдастырылды.

11_03_2

Мұражайға саяхат ақынның қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі-өнеге алып, тәрбие көрген, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен басталды. Таңғалыстарын жасырмаған курсанттар ақын атаның өмірінен сыр шертер көне жәдігерлердің тарихымен танысып, тарих қойнауына көз тастап  таңғажайып әлемге кіргендей бір-бірімен сыр шертісіп  өз ойларымен бөлісті.

11_03_3

Мұражайда құрылған көрме Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, Қазақстанның халық ағарту ісі жүйесінің пайда болу және даму тарихын баяндайды. Оны мұражайдағы мұрағаттық құжаттары, баға жетпес фотоматериалдары куәландырады.

11_03_4

11_03_5

Тамырын тереңге жайған білім бастауының бұлағына барып мәдени, тәрбиелік тұрғыдан  сусындатудың да өзіндік бір себебі, Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Тәрбиесіз білім – халықтың қас жауы»деген. Демек біздің мақсатымыз болашақ құқық қорғау қызметкерлерін тек заң жағынан ғана емес, жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеп шығару.

11_03_6

Өткен тарихын білмей келешекке көз салу тек ақымақтың ісі. Ұлт мақтаныштары,тарихи тұлғаларымызды әрқашан есте сақтап, ерен еңбектерін елеусіз қалдырмау келешек ұрпақтың еншісінде.

Әрбір жәдігергердің тарихын тамсана қызықты, таңырқата жеткізген мұражай аға ғылыми қызметкері Досжанова Жанагүл Темірқызына алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

102 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Ж.Сабырбеков

 

108 топ кураторы

полиция лейтенанты Н.Турсумбаева