ӨТКЕНДІ ҰМЫТПАУ – БҮГІНГІЛЕРДІҢ ПАРЫЗЫ ЧЕРНОБЫЛ АПАТЫ

2016 жылы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 дәріс залында  201 топ жетекшісі, полиция капитаны А.Б. Ақылбековамен, 204 топ жетекшісі, полиция аға лейтенанты Н.Е. Абдибековпен, 209 топ жетекшісі, полиция капитаны Б.Б. Алпеисовпен Чернобыль АЭС апатына 30-жыл толуына орай тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: 1. Чернобыл апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін, патриоттық сзімін өскелең ұрпаққа насихаттау.

  1. Курсанттар алдында әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбегін көрсетeу.

03_07_1

03_07_2

Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылдың 26 сәуір күні бұрынғы Советтік еліміз үшін қаралы күн болып есімізде қалды. Ол Чернобыль электр стансасындағы жарылыс.

03_07_3

Мыңдаған адамның өмірін қиған бұл күтпеген оқиға қаншама отбасына ауыр қасірет әкелді. Біздің тайыншалық азаматтар да осы оқиғаның куәсі болған еді. Осы апаттың өткеніне қанша жыл өтсе де, ол ешқашан ұмытылмайды.

03_07_4

03_07_5

Чернобыль апатын еске алу күніне орай курсанттармен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында курсантарға Чернобыл туралы тарихы мен 30 жылдан кейінгі жағдайы туралы әңгімелестік және де «Чернобыль апаты», «Чернобыль… 30 жылдан кейін» сынды бейнефильмдер ұсынылды Бейнефильмнен кейін курсанттар Чернобыль оқиғасына байланысты сан-алуан сұрақтар талқыланды.

Біз, ерлік жасаған батырлармен мақтанып, үлгі алу міндеттеніміз.

 

 

А.Б. Ақылбекова

201 оқу тобының жетекшісі

полиция капитаны

 

Н.Е. Абдибеков

204 оқу тобының жетекшісі

полиция аға лейтенанты

Б.Б. Алпеисов

209 оқу тобының жетекшісі

полиция капитаны