Заңды білу – заман талабы

«Тәртіпсіз ел болмайды,
тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы

Республикада жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арасындағы байланыстарды реттеу әрекеттеріне қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуін тоқтатар емес. Оның өсуіне құқықтық тәрбие мен сананың, жігердің жетпей тұрғаны да өз әсерін тигізіп бағуда.
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

03_05_1

Осындай іс-шараларды орындау мақсатында 2016 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 2-4 сыныптарының оқушыларымен «Құқық пен тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

03_05_2
Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, оқушылардың бойында демократиялық көзқарасты қалыптастыру, нормативтік-құқықтық актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту болып табылады.

03_05_4
Аталмыш іс шараға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы Қалиярова Рима Болатқызы, КОФ 2 курс курсанттары: полиция кіші сержанты Кайырболатова Аида Болатқызы және полиция қатарындағы Елеумес Еламан шақырылды.
Оқушылардың сахналық көріністерінен соң, олардың назарларына оқытушылар бейнежазба ұсынып, тәрбие сағатының мақсаттары қамтылған дәріс өткізді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, тәрбие сағатын жандандырды.
03_05_3

 

 

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Р. Калиярова