«Студенттік көктем-2016» фестиваліне арналған ЖОО өкілдерімен ұйымдастыру жұмысының отырысы

2016 жылдың 13-14 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Жетістіктеріміз — мерейтойға» атты ұранмен ЖОО-лар арасында «Студенттік көктем — 2016»  фестивалін өткізу жоспарланып отыр. Фестивальді өткізу мақсаты Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасындағы достық байланыстарын арттыру; этносаралық және дінаралық қарым-қатынастарын үндестіру, толеранттылықты күшейту, жастар арасындағы ұлтаралық қатынастарының жүйесін құруына бағытталған Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын зерделеу, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігі деңгейін арттыру, ұлттық бірлігі мен достықты күшейту болып отыр.

Жастардың жан-жақты дамуын, қоғамдық жағымды пікір-таласқа тарту, елімізде және шет елде Қазақстанның басты жетістіктерін көпшілікке таныту, жастар арасында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саясаттық шындықтарын ашып, тәуелсіз Қазақстанның даму тарихи жолдарын көрсету, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, мәдени деңгейін арттыруды қалайды.

Фестиваль — Қазақстан Республикасының 25 жылдығына, Қостанай облысының 80 жылдығына, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45 жылдығына және Қазақстанның басқа да тарихи мерейтойлық даталарына арналады.

28_01_1

28_01_2

28_01_3

Аталмыш іс-шараға байланысты, 2016 жылдың 26 сәуірінде  Академия қабырғасында Академия басшылығы және фестивальді өткізу бойынша комиссия құрамы және барлық  ЖОО-ның, Қостанай облысының «Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорының  және Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының өкілдері бас қосып, ұйымдастыру мәселелері туралы сөз қозғады.

Кездесуде дайындық және өткізу мәселелері, бағдарламада көрсетілген спорттық, ғылыми және мәдени-көпшілік  сайыстардың ережелері талқыланды. Кейбір сайыстарға өзгерістер енгізілді.

Бас қосуда көптеген мәселелер оң шешімін тауып, «студенттік көктем —  2016» фестиваліне дайын екендіктерін бір сөзбен қолдады.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Абдильдина