«Менің отбасымның символы» сайысы

Жақында №7 бөбекжай-бақшасында «Менің отбасымның символы» атты отбасылық сайыс болып өтті. Бұл сайысқа біздің әріптесіміз әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Мырзабек Сардарбекұлы Тұйғанов отбасымен сайысқа қатысып, екінші орынға ие болды.

27_03_1

Бұл сайыстың  мақсаты Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай қайраттылығымен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Ұлағатты отбасын қалыптастыру тәуелсіз отанымыздың алтын діңгегі, берік іргетасы екені анық. . Осы мақсатта «Менің отбасымның символы» отбасылық танымдық сайысты ұйымдастырып отыр. Бұл отбасылар сайысы – қаламыздағы жас отбасылардың арасында өтетін тәрбиелік маңызы зор мәдени танымдық бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде еліміздің әрбір мектебімізде оқушылар қауымы мен белсенді ата-аналарының арасында өткізіліп жатыр.

27_03_2

Сайыста негізгі бөлігі өз отбасының таңбасы мен әнұранды ұсыну және қорғау конкурсы болды.

Тұйғановтардың отбасы «Отбасы барда дүние ыстық» ұранмен бастап, жаңа технологияларды пайдаланып слайдтармен таңбаларын көрсетті, оның әрбір элементіне нақты сипаттама беріп әділқазылар мен көрермендерге көрсетті. Одан кейін отбасының әнұранын орындап берді.

27_03_3

Әділқазылар Тұйғановтардың ұсынған отбасының символдарын жасағанда тапқырлық пен шығармашылық көрсеткені үшін және балаларына жақсы тәрбие беретіні үшін жоғары баға берді.

27_03_4

Шын мәнінде бала өмірінде әке мен ананың рөлі орасан зор. Үлгілі отбасы тәрбиелі ұрпақ тәрбелейтіні шындық. Сонымен қоса ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту және шыныққан, білімді, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу.

Бізде әріптесіміз Тұйғановтардың отбасын құттықтаймыз!

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы