«Құқығым бар» сайыс-ойыны

 

2016 жылы 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 201 оқу тобының кураторы, полиция капитаны А. Ақылбековамен 105 оқу тобының кураторы, полиция майоры А. Акимжанов бірлесіп мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аптасы аясында КОФ 2 курс курсанттарымен  201-210 оқу топтарында  «Құқығым бар» атты сайысын өткізді.
25_07_1

«Құқығым бар» атты сайыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45-жылдығына арналды.

25_07_2

25_07_3

Ойын сайыс курсанттардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру; өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру; заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғап, тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Сайыс ойыныңда үш команда қатысты: «ҚАЖ»,  «Заңгер» мен «Жорға». Командалар әр түрлі кезеніңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты, мемлекеттін құрылуы мен даму тарихына арналған сұрақтарға жауап берді.

25_07_4

Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ қазылар алқаларымен танысу: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Б.Б. Алпеисов, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны С. Жакупова., қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Е. Акимжанов.

25_07_5

Сайыс ойыны 4 кезеңнен тұрды:

  • Іріктеу
  • Жалғасын тап
  • Сөз шебері
  • Тұлғаларды тани біл

«Іріктеу» кезеніңде әр команда 3 сұраққа жауап бере отырып, өзіне ұпай жинайды.

«Жалғасын тап» кезеніңде берілген сөйлемнің жалғасын табады.

«Сөз шебері» кезеніңде командалар түсініктер бойынша жасырылған сөзді тауып, анықтамасын берді.

«Тұлғаларды тани біл» бұл кезеңде сайыскерлер көрсетілген сурет және берілген анықтама бойынша тұлғаларды танып, берілген параққа жазады.

25_07_6

Ойын соңында әділ-қазылар алқалары курсанттардың ой-өрісіне, білімінің жоғары деңгейін, белгілі бір пікір айтуына, тұжырым жасауына, құқықтық, патриоттық, адамгершілік қабілетіне қарай, «Жорға» командасы I деңгейдегі дипломмен, II деңгейдегі дипломмен «ҚАЖ», III деңгейдегі дипломмен «Заңгер» командасы марапатталды.

 

 

 Асель Акылбекова

201 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

Ерик Акимжанов

105 оқу тобының кураторы

полиция майоры