Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы!

25_05_1

Сіздерді Академияның жарқын да қуанышты 45 жылдық мерейтойымен Рудный индустриалдық инситуты ұжымының және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Ғаламдық проблемалардың санатындағы криминалдық қауіп-қатерлердің шеңберінде мың құбылып түрленетін заманауи қылмыс түрлері қоғамдық қауіптілік жағдайын одан бетер өршелендіре түсуде. Осындай жағдайда алдыңғы қатарлы техникалық жетістіктер мен тактикалық әдістерді қолдануға икемді, антына әділ, жоғары білікті полиция қызметкерлерін даярлау өте абыройлы және жауапты іс болмақ.
Қоғамның бейбіт өмірі үшін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін қажетті осы істі атқаруда Академияның рөлі зор. Ол жарты ғасырға жуық уақыт ішінде еліміздегі ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдегі арнайы мамандырылған жоғары оқу орындарының қатарынан беделді орынға ие болды. Академия өз даму жолында тек білім ордасы ғана емес, тиісінше кеуделерін оққа тосып, басын қатерге тіге жүріп қылмыскерлерге қарсы тойтарыс беретін ел қорғандарын жасақтайтын Қостанай өңірінің жалпы республиканың «бейбітшілік пен келісімнің»рухани сақшысына айналды.
Қоғам қауіпсіздігі саласында тапжылмай қызмет ететін келешек полиция қызметкерлерін даярлау үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Осы орайда, Академияның қызметі өте жауапты 45 жыл бойы білімді, білікті, білекті, сабырлы,төзімшіл, қайратты, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ететін мыңдаған жаңа буын полицейлерді даярлаған академияның ұжымын мерейтойымен құттықтап жұмыстарына толағай табыстар тілеймін.

Ізгі ниетпен
Рудный индустриалдық
институтының ректоры Ә. Найзабеков