«Білімпаз шайқасы» атты  тарихи брейн-ринг

 

 2016 жылы 21 сәуір күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны С.Б. Жакуповамен 201 оқу тобының кураторы, полиция капитаны А. Ақылбекова бірлесіп, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аптасы аясында КОФ 1 курс курсанттарымен  106-110 оқу топтарында  «Білімпаз шайқасы» атты тарихи брейн-ринг өткізді.

25_02_1

Осы іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45-жылдығына арналды.

25_02_2

Мақсаты ішкі істер органдарының тарихы пәніне қызығушылығын арттыру, білімін тереңдету, сондай-ақ зияткерлік ойында курсанттардың қатысуын белсендіру.

25_02_3

Зияткерлік ойынның әділқазылары: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., полиция полковнигі А.В. Видершпан, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны М. Туйганов болды.

25_02_4

Зияткерлік ойыныңда екі «Зерттеушілер» мен «Спарта» команда қатысты. Командалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты, мемлекеттің құрылуы мен даму тарихына арналған сұрақтарға жауап берді.

25_02_5

 Қорытындылай келгенде қазылар алқасы курсанттардың білімдерінің жоғары деңгейін, логикасы мен ойлау қабілетін, курсанттардың белсенді қатысуын, ұжымда жұмыс ептілігініне қарай «Спарта» командасы I деңгейдегі дипломмен, ал «Зерттеушілер» командасы II деңгейдегі дипломмен марапатталды.

Самал Жакупова

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

 полиция капитаны

Асель Акылбекова

201 оқу тобының кураторы

полиция капитаны