«Он тал кессең, бір тал ек» ұранымен жас көшеттер отырғызылды.

2016 жылғы 22 сәуір күні ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академияның бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов  бастаған академияның тұрақты құрамы және қызметкерлері академия аумағына жаппай ағаш көшеттерін отырғызды.

22_04_1

22_04_5

Сенбілікті қасиетті жұма күні бастаған Академия бастығы Мирлан  Ахмедияұлы өз қолымен ағаш көшетін отырғызып, көпшілікке үлгі болды.

 

22_04_2

Басқа да қызметкерлер өздеріне тиесілі ағаш көшеттерін отырғызып, жаппай сенбілік жасады.

22_04_3

Міне, осылай жайма шуақ күні сенбілікке шыққан академиялықтар таза ауада демалып, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, ұйымшылдықпен үлкен істің басын қайырды.

22_04_6

22_04_7

22_04_8

«Тазалық денсаулық кепілі» дегендей, академияның аумағы тағы да бір жас көшеттермен толығып, табиғат анаға әсем сұлу келбет бергендей.

 

 

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов