Ұлттық ат спортының жас жұлдызы

Жақында Алматы облысы Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Ұлттық ат спорты жарыстарының 16-шы Чемпионаты өткізілді.

22_03_1
Аталмыш жарысқа ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанты, полиция кіші сержанты, академияның ғана емес, облысымыздың мақтанышы Бақдәулет Асанов қатысып, өз өнерін көрсетіп қайтты.

22_03_2

Жалпы Бақдәулет Асанов Ұлттық ат спортынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 5 дүркін Қостанай облысының чемпионы, 3 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, 2011 жылы Ресей Федерациясының Москва қаласында ат жарысынан өткен 160 шақырымдық марафонның жүлдегері, 2015 жылғы мамыр айында өткен Қостанай облысы әкімі кубогының жеңімпазы, 2015 жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен Республикалық турнирден жеңіспен оралған болатын.
Бақдаулет жаста болса аталған Чемпионатта ең бірінші төрешілік қызметін атқарды, одан кейін Ұлттық ат спортының аударыспақ ойынынан өз бағын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді. Ол өз жеңісін Академияға арнады.

22_03_3

Бақдаулет тек қана ат спортының шебері ғана емес, сонымен қатар Академия қабырғасында құралған КВН құрама командасының капитаны. Біз Ұлттық спортты дамытуға үлкен үлес қосып жүрген мұндай курсанттарымызды мақтан тұтып, алдағы жарыстарда тек қана жеңіспен оралуына тілектеспіз.

Жанар Бухметова
301 тобының кураторы
полиция подполковнигі