ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45 жылдық мерейтойына орай, тілдер кафедрасы апталығы аясында қазақ тілінен «Қазақ тілім – байтақ тілім» олимпиада

Тілдер кафедрасының оқытушылары полиция майоры Л.Т. Кинжебаева, полиция капитаны Б.Д Сұлтановтың ұйымдастыруымен ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылуына 45 жыл толуына орай тілдер кафедрасы апталығы аясында бірінші курс курсанттары арасында қазақ тілінен «Қазақ тілім – байтақ тілім» атты олимпиада өткізілді.

21_08_1

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа тілдік материалдың бір-бірімен байланысын меңгерту, сөйлесе білуге үйрету, сөз үйрету сөздік қорын толықтырып, өз ойын толық жеткізе білу және дұрыс жаза білуге мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, ана тілінде ойын еркін жеткізе білуге, қазақ тілінің тілдік иірімдерімен танысуға, салт-дәстүрді, ұлттық ерекшеліктерді білуге, заң терминдерінің орыс тілімен қатар қазақ тілінің баламасын тануға, оны әдеби тілде орынды қолдана білуге ықпал ету.
Сайыстың төрешілері мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің инспекторы А.Ж. Муканова және тілдер кафедрасының аға оқытушылары Г.Ш. Анайбаева, Е.Қ. Деріпсалдинмен болып тағайындалды.
Олимпиадаға төрт топ қатысты және әр топтың топ басшылары топ атауы мен ұранын жариялады.

21_08_2

«Жырлайды жүрек» атты жыр сайысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жыр шумақтарын мәнерлеп оқып өнерін көрсетті.

21_08_3

Сауатты жазу дағдысын арттыру мақсатында «Даналық дариясы» атты сайысы.

21_08_4

Сайыстың келесі сатысында «Туған тілім — айбыным» викторинаға курсанттар белсенді атсалысқан.

21_08_5

21_08_6

Тартысты сайысты түйінде келе жеңімпаз топ анықталып, марапатталды және сайыс алдына қойған мақсатына жетті.

Тілдер кафедрасының
оқытушылары
полиция майоры Л.Т. Кинжебаева
полиция капитаны Б.Д. Сұлтанов
19.04.2016 жыл.