АКАДЕМИЯ МАҚТАНЫШТАРЫ

21_04_1

Жақында ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының көңілділер мен тапқырлар клубының  «Полицейская академия»  құрама командасы Астана қаласында Ұлттық КВН лигасының  үшінші маусымашар ойынына қатысып, фестивальдік гала концертке өтті.

21_04_2

Фестивальға Қазақстанның барлық аймақтарынан 40-тан астам команда қатысты.

Фестивальдің бірінші күні қатысушы командалар тіркеленіп, іріктеу кезеңіне дайындалды. Қырық командалар арасында ең керемет деген он жеті команда анықталды, соның ішінде біздің құраманың курсанттары да  бар. Осы 17 команданың барлығы Телевизиялық түсірілімге қатысты.

21_04_3

Сахыналық өткір әзілдерімен көзге түсіп, редакторлардың сынынан сүрінбей өтіп, өте жақсы көрсеткіштерге ие болды.

Редакторлар мен көрермендердің көңілінен шыға білді.

21_04_4

Бас редактор Тимур Ерджановтың шешімімен, біздің команда 26 сәуір күні Ұлттық КВН лигасының ¼ ойынына шақырылды.

21_04_5

Әскери тәртіпті  қатаң сақтайтын курсанттар, қоғам алдында да өздерінің шебер әртістерден кем түспейтінін тағы да бір дәлелдеп келді. Бізде өз ордамыздың құрама командасына айтар алғысымыз зор, болашақта тағы да биік жеңіс тұғырынан көрініп, Академияның намысын қорғап, жеңіс туын желбірете берсін демекпіз.

 

Балым Құрманғалиева