«Желтоқсан оқиғасының» куәгерлері курсанттармен кездесті.

2016 жылғы 14 сәуірде ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында оқу орнымыздың 45 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ә. Бөкейхановтың 150-жылдығына, Ы. Алтынсаринның 175-жылдығына және А. Имановтың ұлт-азаттық көтерілісінің 100-жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегім» атты келелі басқосу өтті.

15_03_1

Аталмыш іс шараға желтоқсан оқиғасының куәгерлері А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің агро-биологиялық факультетінің доценті Аманжол Зұлкарнайұлы Ахметов, № 10 орта мектебінің мұғалімдері Қайырқан Тоқпайқызы Алтаева  және Айнагүл Абдікәрімқызы  Өтебаевалар қатысты.

Академияға келген қонақтар, жоғарыда айтылған тақырыптарға шолу жасап, ел Тәуелсіздігі, оның ішінде «желтоқсан оқиғасы» туралы курсанттарға кеңінен  сыр шертті.

15_03_2

Қызықты бас қосу жас буын, болашақ құқық қорғау қызметкерлері бірінші курс курсанттарына  өте тамаша, тәлім-тәрбиесі мол әдемі бас қосу  болды.

Тағылымы мол, кейінгі ұрпаққа тәрбие беретін кешті академияның тәрбие жұмысы бөлімі және облыстық Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының қызметкерлері бірігіп өткізді.

15_03_3

Әдемі басқосу қызықты сұрақ-жауаптарға   жалғасып, курсанттар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

15_03_4

Кеш соңында академияға келген қонақтар курсанттармен бірлесіп, Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «атамекен» патриоттық әнін орындарынан тұрып, патриоттық сезіммен шырқады.

Жалпы салтанатты кеш өте тамаша өтті.

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы

Қостанай Академиясының

баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов