«Өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес» тақырыбы бойынша мектеп оқушылармен кездесу

Жасөспірімдік және қыз-бозбалалық шақ қарапайым шақ емес және неше түрлі қарама – қайшылыққа толы кезең, ата-аналардың көбісін алаңдататын, уайымға берілтетін күрделі жасөспірімдік шақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне сүйенсек өзін-өзі өлтірушілердің 4-5 пайызының жас шамасы 20-ға жетпеген жастар, және де бұндай бетбұрыс шет елдерде де сонымен қатар біздің елде де көптеп кездеседі. Қазақстанда кісі өлтіруден өзін-өзі өлтірушілер көп. Әлем бойынша әрбір 20 секунд сайын бір адам өз өміріне қол жұмсайды екен, ал жыл сайын 1 миллион адам өзін ажалға қияды, сондай-ақ, шамамен 20 миллиондай жан өз өміріне балта шабуға әрекет жасайды. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады. Бір атап өтерлігі – елімізде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен. Ең бір өкініштісі солардың арасында қыршынынан қиылып, жастықтың жарқын өміріне балта шабатындар жасөспірім балалар. Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – қалыпты құбылысқа айналды, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, өз-өзін өлтіруге талпынып аман қалған жасөспірімдердің келесі талпынысы міндетті түрде өлімге алып келуі мүмкін.

09_02_1

         Міне осы мәселе бойынша суицидті алдын-алу мақсатында «Өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығар жол емес» атты тақырып бойынша 2016 жылдың 6 сәуірінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының педагогика және психология кафедрасының оқытушылары полиция аға лейтенанты Ж.А. Сабырбеков, полиция лейтенанты Н.Ж. Турсумбаева және педагогика және психология мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс курсанты А.М. Бисагимова Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебіне барып қайтты. Бұл кездесу 9-11 сынып оқушылармен өтті.

09_02_2

Оқушыларға суицид термині, суицидттің алдына алу шаралары, түрлері, алдын-алу туралы кішігірім дәріс оқылып, презентация көрсетілді.

09_02_3

Сонымен қатар, оқушыларға сабырлы болуға, қандай да бір туындаған мәселені дұрыс шешуге, сенімділікті арттыруға және т.б. кеңес-ұсыныстар беріліп, қосымша тренинг жаттығуы жүргізілді. Кездесу соңында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдірді.

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

полиция лейтенанты

Турсумбаева Н.Ж.