«Қылмыстық-атқару құқығын білесің бе?» олимпиадасы

07_04_7

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының «Кафедра апталығының» шеңберінде 2016 жылғы 6 сәуірде ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарымен «Қылмыстық-атқару құқығын білесің бе?» атты пәндік олимпиадасы өтті.

07_04_2

Олимпиадаға 7 топ қатысты, олар өз топтарының атаулары мен ұрандарын айтты. Олимпиада 3 турдан құрылды.

07_04_1

1 тур «Сұрақжауап» сайысы болды. Олимпиада қатысушылары қылмыстық-атқару құқығы бойынша теориялық сипаттағы жүргізуші қойған сұрақтарға жауап берді.

07_04_3

2 тур «Сөзтапқырлар» деп аталды, қатысушыларға кроссворд түріндегі тапсырмалар берілді. Аталған конкурстық тапсырмада курсанттар қылмыстық-атқару заңнамасын жетік білетінін көрсетуі қажет болды, бұл сайыс жылдамдық пен тапқырлықты, сонымен қатар ұжымдылықты дамытады.

07_04_4

3 тур «Құқықтық біліктілік дағдысы» тест тапсырмаларынан құралып, 20 ұпай санымен қорытындыланды. Курсанттардың назарына тестілік сұрақтар ұсынылды. Толығымен дұрыс жауап берген командаға жоғары ұпай берілді. Ойынға қатысушылар өздерінің білімін, ұтқырлығы мен алғырлығын көрсетті.

07_04_5

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, 202 оқу тобының «Жорға» командасы 1 орынға, 204 оқу тобының «Заңгер» командасы 2 орынға, 203 оқу тобының «Әділет» командасы 3 орынға ие болды.

07_04_6

Жеңімпаздар дипломмен марапатталды. Өз кезегінде Құбайдуллин Қ. курсанттардың атынан өзінің алғысын білдіріп, осындай ісшаралар ұжымдастырып, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, білімді жетілдіре түсуге көп көмегін тигізетінін айтып кетті.

07_04_8

ҚҚАҚжК кафедрасының

оқытушылары  Суйеубаева З.М., Калиярова Р.Б.