Тәжірибелік қызметкермен кездесу.

2016 жылғы 4 сәуір күні «Әлеуметтік жұмыс» 214-оқу тобының курсанттарына Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушысы, тәжірибелік қызметкер, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет капитаны Альназаров Алмат Нуртасовичпен кездесу ұйымдастырылды.

05_04_1

Кездесудің мақсаты болашақ қызметкерлерге сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру болды. 10 жылдан артық тәжірибесі бар қызметкер курсанттарды ҚАЖ мекемелерінің құрылымындағы тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің, жасақ бастықтарының сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы, сотталғандардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, олардың денсаулығын сақтау мен қолдау, психологиялық, әлеуметтік, тәрбиелік және өзге де жұмыстарды жүргізу, мәдени, кәсіби және білім беру деңгейін арттыру, рухани сұраныстарын қанағаттандыру, босатуға дайындау үшін қажетті жағдай жасау, сотталғандарды жалпы білім беру және кәсіби оқытудың, ағартушылық, мәдени бұқаралық және дене шынықтыру спорт жұмыстарына жағдайлар жасау, сотталғандар арасында адамгершілік және құқықтық қарым қатынастарды қалыптастыру, өзіндік жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуларын дамыту, сотталғандармен әлеуметтік жұмысты жүзеге асыру, қайта қалпына келу, қолдау және туыстарымен, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық және діни бірлестіктермен және т.б. ұйымдармен пайдалы байланыс орнату бойынша сұрақтарды шешу, сотталғандарды жазасын өтегеннен кейін босатуға дайындау, еңбек және тұрмыстық жабдықталуын әлеуметтік реабилитациялау, сотталғандар құқығының ар намыс бостандығы мен діни бостандығын жүзеге асыру, діни, рухани және моральды сұраныстарын қанағаттандыру сұрақтарына тоқталды.

05_04_2

Кездесу соңында курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу өте қызық өтті.

214 оқу тобының кураторы
полиция капитаны В. Касенова