Спорт — салауатты өмір салтының кепілі.

Жақында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 1 курс курсант қыздардың арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Бұл додаға бүкіл 1 курстың қыздары қатысты. Спортшы қыздар 8 топқа бөлініп өзара жарысқа түсті.

05_02_1
Ойынды алғашқы екі команда бастады, бұл командалардың арасындағы ойын өте тартысты өтті. Тіпті жанкүйерлер қыздарымызға дем беріп, ыстық лебіздерін шапалақтаппен көрсетті.
Ойынның орта тұсына келгенде ойын аса қыза түсті, нәзік жандыларымыз өздерінің күш-жігерлерін тағы да көрсете білді.Сайыс бастала ешкімге, ешқандай командаға дес бермей, шаң қаптырып, жеткізбей 101-ші және 106-шы топтар екі жақтап өз қарсыластарын ұтып, өзгенің қолынан жеңісті тартып алды.

05_02_2
Ендігі қызықты сәт, көптен күткен финалдық бәсеке осы екі азулы командалардың арасында сарапқа салынды.Төреші ысқырығы шалына сала қос командалар бір-біріне, бірінен соң бірі, доп салып ұпай жинасып жатты, ойын соңына қарай 4 ұпай айырмашылығымен 106-шы топтың бикештері өздерінің ұйымшылдық ,табандылық әрі шеберліктерінің арқасында жеңіске жетіп, бас жүлдегер атанды.
Жеңімпаздар жарыс соңында басшылық тарапынан арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осылайша Курсанттарымыз Салауатты өмір салтын ұстануда өздерін тағы бір қырынан т анытты десек кем айтпаған боламыз.

1 курс курсанты
полиция қатарындағы
Тұрсынбай Д.А.