Наурыз мерекесіне арналған сайыс

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2016 жылдың 23-наурыз күні, ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты спорттан байрақты бәсекелер 1 курс курсанттарының арасында ұйымдастырылды.

Бұл додаға бүкіл 1 курс  топтары қатысып, сайыста жеңіске жетуге ұмтылды. Байрақты бәсеке: Кернеге тартыну, қыз балаларға – жалқадан жатып кеудені көтеру және т.б., ал ер балалар әр топтан 7 ұл баладан шығарып арқан тарту секілді кезеңдерден тұрды.

Жарыс соңына қарай асыға күткен қызықты әрі тартысты дода «арқан тартыс» кезеңі басталды. Бұл жарыста әр топ өздерінің жігерлігін көрсетіп, курс басшылығы тарапынан арнайы сыйлықтарды иеленді, осылайша байрақты бәсеке мерекелік, әрі жауыңгерлік көңіл-күймен жоғарғы деңгейде өткізілді.

Айта кетсек доданың ашылуына Академия бастығы полиция полковнигі М.А.Қызылов келіп баршаға жауыңгерлік рух, жеңіс тұғырында көрінуге тілектестік білдірді.

 

 

1 курс курсанты
полиция қатарындағы
Тұрсынбай Д.А.