Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл — күн мен түн теңелетін күн. Табиғат та, Жер-Ана да жаңарып, жан-жануарлар да төлдейді. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Наурыз — шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Наурыз мейрамы бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланғаннан болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам жоқ шығар. Бұл мереке күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алады.

Ғылыми-зерттеу орталығы 2016 жылғы 19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы мерекесін ұлағаттау қарсанында берекелі дастархан жайып, Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярлап, сондай-ақ Ұлыстың ұлы күніндегі отырысы етсіз өтпейтінін белгілеп бесбармақ, тәтті бауырсақтарымен басқа да ұлттық тағамдарын дайындап, Академия басшылығы қызметкерлер дайындаған дастарханнан дәм татып, Науырыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізіндерін білдірді7 Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек!

 

Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері
Шайкемелова Ләззат