Қош келдің, Әз-Наурыз!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2016 жылғы 19 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы тойланып, аталып өтті. Биылғы Наурыз мерекесі  Академияның 45 жылдығына арналды.

Әз-Наурызды асыға күткен академиялықтар, әр ұлттың ас мәзірінен дастархан жайып, салт-дәстүрлерінен сахналық қойылымдар қойып, барша халыққа әдемі көңіл күй сыйлады. Әсіресе, өнерлі курсанттар дайындаған концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.

Сахна төріне Академия бастығы, полиция полковнигі М. Қызылов көтеріліп, тұрақты және ауыспалы құрамды Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— «Құрметті әріптестер, курсанттар! Сіздерді көктемнің жайма шуақты мерекесі Әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір жадырап атқан таңдарыңыз қуанышқа толсын. Еңбекте табысты болып, отбастарыңыз аман болғай».

Одан кейін, қызмет бабында еңбектері еленген қызметкерлер, спортта жеңіске жеткен спортшылар мерекеге орай алғыс хаттармен, ақшалай сый-сияпаттармен марапатталды.

Салтанатты кештің соңы қызметкерлердің  дайындаған ас мәзірінің дәмін татуға ұласты. Қызықты мерекеде қуанышқа бөленген әріптестер, үйлеріне жақсы көңілмен тарқасты.

 

Баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов

Фототілші С. Камалов