«Үздік аудармашы» байқауының жеңімпаздары анықталды

2016 жылғы 17 наурызда Академияда ұлты қазақ емес қызметкерлердің арасында «Үздік аудармашы» байқауы өткізілді.

Сайысқа қатысушылар «Үздік аудармашы» ережесі бойынша өздеріне берілген тапсырмаларды: «Ресми құжаттарды аудару» (күнделікті жұмыс барысында қолданылатын құжаттарды аудару сапасын анықтау); «Жаңа терминдер әлемі» (Мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді білу деңгейі); «Көркем мәтінді тәржімалау» (қазақ тілінен орыс тіліне) жұмыстарын жазбаша түрде орындады.

 

 

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын қазылар алқасының төрағасы – қылмыстық-атқару жүйесіндегі басқару және әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Н.А.Толқынбаев, қазылар алқасының мүшелері: ғылыми зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, полиция подполковнигі З.С.Садвакасова, магистратураның аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры Г.Ш.Едресова бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің редакторы О.В. Довгань лайық деп танылды, 2-орын кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, полиция майоры Т.В. Брылевскаяға берілді, ал 3-орынды педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Е.С. Федотова жеңіп алды.

Жеңімпаздарды Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов салтанатты түрде құттықтап, марапаттады.

 

 

Байқауға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз, ал қазақ тілінің білгірлері атанған әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

 

 

Мемлекеттік тіл бөлімшесі