Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы «Алаш» партиясының рөлі» атты курсанттар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

«Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын
бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді.
Бұл жедел жаңғыру, яғни модернизация
біздің бағытымызға да сай келеді.
Алаш арыстары бізге мемлекеттік
идеясын ту етіп көтеруге табыстап кетті.»

Н. Назарбаев

 

Әлихан Бөкейхан — XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.

«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.

«Алаш» қозғалысының стратегиялық мақсаттарының бірі – Дала өлкесіне «земство», яғни жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жаппай енгізу. Земство енгізілген жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі күшейіп, белгілі бір аумақта жиналған салықты мектеп, аурухана, жол және тағы да басқа маңызды әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізуге, яғни жергілікті инфрақұрылымды салып, дамыту мүмкіндігі болатын еді.


Мемлекеттік Думада тиесілі заң қабылдау арқылы Дала өлкесіне жаппай земство енгізуге ұмтылған Әлихан Бөкейханның түпкілікті көздегені қазіргі қазақ мемлекетін, оның берік іргетасын қалау еді.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы декларациясының жариялауына негіз болған XXғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысы еді.

2016 жылдың 3 науырызында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында курсанттар арасында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының ғылыми жетекшілігімен курсанттар баяндамала дайындады:

  1. Сатанова Мадина (110 топ) «К вопросу о кадровой политике государственных органов в Казахстане»(первой четверти 20 века)Ғылыми жетекшісі – кафедра аға оқытушысы, тарих магистрі, полиция капитаны М.С.Туйганов.
  2. Абікен Мағжан (209 топ) Алихан Бөкейхан Қазақстан мемлекеттігінің негізінің қалаушысы ретінде. Ғылыми жетекшісі – кафедра аға оқытушысы, тарих магистрі, полиция капитаны Б.Б.Алпеисов.
  3. Әділбек Ұлжан (204 топ) А.Байтұрсыновтың «Алаш Орда» қозғалысындағы рөлі. Ғылыми жетекшісі — кафедра оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі, полиция аға лейтенанты Н.Әбдібеков.
  4. Қабай Манар (303 топ) М.Дулатов — өз елінің қамын ойлаған қоғам қайраткері. Ғылыми жетекшісі- кафедра оқытушысы, полиция капитаны Н.Ж. Тұрсымбаев.

Негізгі сұрақтар талқыланғаннан кейін курсанттрға «Алаш Орда» атты деректі фильмі көрсетілді.

Қорытындылай келгенде, XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген мәселелер бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр. М.Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» – десе, Отанымызды бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз.

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ