1 наурыз Алғыс айту күні
(1 марта – День благодарности)

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурыз – алғыс айту күні болып жарияланды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Алғыс айту» күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл Қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді» — деген болатын.

2016 жылдың 1 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптық алаңында Академия ауыспалы құрамының сапқа тұруы өтті, оның барысында курсанттардың ата-аналарына Алғыс хат тапсырылды.

Академия бастығы полиция полковнигі М.А. Қызылов салтанатты сөзінде, Академия ұжымы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының адал офицерлері, адам және азаматттардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның заңды мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғайтын сенімді қорғаушылар ретінде оқыту, тәрбиелеу, қалыптастыру үшін барлық күштерін жұмсауда, оқуда жоғары көрсеткіштерге ие болғаны, ғылыми жұмыстарына, қоғамдық және спорт өміріне белсенді қатысқандары үшін курсанттарға ризашылығын білдірді.

 

Тәрбие жұмысы
бөлімінің инспекторы
полиция майоры
Қуаныш Төретаев

 


14 января 2016 года Президентом нашей страны Н.А. Назарбаевым был подписан Указ «О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 20 января 1998 года № 3827 «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан», в соответствии с которым 1 марта объявлен Днем Благодарности.

«Этот день может стать ярким праздником милосердия, дружбы любви всех казахстанцев друг к другу», — сказал Лидер Нации Н.А. Назарбаев. Дата выбрана не случайно, именно 1 марта 1995 года была образована Ассамблея народа Казахстана.

1 марта 2016 года на плацу Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева состоялось торжественное построение переменного состава Академии, в ходе которого были вручены благодарственные письма родителям курсантов.

В приветственной речи начальник Академии полковник полиции Мирлан Ахмедиевич Кызылов отметил, что коллектив Академии вкладывает все силы и возможности для обучения, воспитания и становления достойных офицеров органов внутренних дел Республики Казахстан, верных защитников прав и свобод человека и гражданина, законных интересов государства и общества от противоправных посягательств и поблагодарил курсантов за высокие показатели в учебе, активное участие в научной, общественной и спортивной жизни Академии.

 

Инспектор отдела воспитательной работы
майор полиции
Куаныш Туретаев