«Семей-Невада» қозғалысының Қазақстан тарихындағы айрықша орны

1989 жылдың 28 ақпаны еліміздің тарихында ерекше күні болып табылады. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер, атақты ақын Олжас Сүлейменовтың Қазақстан жазушылар Одағы ғимаратының алдында  митингте сайлауалды сөз сөйлеу барысында Семей ядролық полигонындағы сынаққа жаппай наразылық білдірді. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада — Семей» қозғалысы пайда болды.

Семей ядролық сынақ полигоны ядролық сынақ жасайтын әлемдегі ірі полигондардың бірі болған. Егер тарихқа көз жүгіртетін болсақ, ең бірінші сынақ полигонда 1949 жылғы 29 тамызда жасалған болатын. Оның барлығы – 468 ядролық сынақ жасалды. 1949 бен 1962 жылдар арасында онда 30 жер беті сынағы жасалды және 88 ядролық қондырғы ауада сыналды, олардың арасында бірінші термоядролық қондырғы (1953 жылы 12 тамызда) мен алғашқы сутегі бомбасы (1955 жылы 22 қарашада) бар, 6 қондырғы үлкен биіктікке, ғарышта сыналды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340-тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу тунелдерде жасалды. «Семей- Невада» антиядролық қозғалысының күшімен, 1989 жылдан бастап 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19-шы қазанда болды. Қарағандының 130 мың қозғалысқа қатысушы шахтерлері қарар қабылдады: егер жарылыс жалғасатын болса, мерзімсіз ереуілге шығу туралы.

Қазақстан халқының  сол күндердегі бірлігі мен айбынды рухының нәтижесінде, 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен біржола жабылды. Биыл 2016 жылы полигонның жабылғанына 25 жыл толып отыр. «Бұл дата – ғаламдық және әлемдік масштабта тұрақтылық пен келісімді достық пен жемісті түрде нығайтудың рәмізі іспеттес. Бұл шешім қазақстан жерінде сансыз қасырет пен шығынға әкелген жүздеген ядролық жарылыстарға тоқтау қойды. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп отырып, одан ерікті түрде бас тартудың одан маңыздылығы кем емес. Семей ядролық полигонның жабылуына танымал қоғамдық қайраткер Олжас Сулейменов басшылығындағы  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы үлкен үлес қосты», — деп атап кетті Елбасымыз.

Курсанттарымызға осы оқиғаның барлық Қазақстан халқына  маңыздылығын жеткізуге және болашақ полиция офицерлерінің бойында ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу мақсатында 2016 жылдың 29 ақпанында 301 оқу тобының курсанттарына жаңа Қазақстан тарихында маңызды орын алған осы күнді еске алуға байланысты кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық сағатта сол жылдардағы оқиғалар туралы деректі фильмдер мен презентация көрермендер назарына ұсынылды.

Бүгінде, Қазақстан ядролық қарусыз мемлекетке айналған кезде, біздің басты азаматтық парызымыз осы бейбіт аспанның қандай құрбандықпен келгендігін есте сақтап оны болашақ ұрпаққа жеткізу қажет деп ойлаймыз.

 

 

Жанар Бухметова
КОФ 301 оқу тобының кураторы