Алғыс айтам ардақты ардагерім…

Бүгінгі таңда Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен елімізге тағы бір мереке қосылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер енгізді, яғни 1 – наурызды «алғыс айту күні» деп жариялады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-курс курсанттары алғыс айту күнін назардан тыс қалдырмады. Курсанттар өздерінің тарапынан Ұлы Отан соғысы кезінде ел үшін тылда еңбегімен жас ұрпақтың болашақ өміріне қайталанбас үлесін қосқаны үшін шексіз алғыстарын академияның тыл ардагері Фазылжанова Танзиля Абдуловнаға білдірді. Ақпанның 27-сі күні академияның еңбек сіңірген ардагері Танзиля Абдулованың үйіне барып, үй шаруашылығына көмек көрсетті. Әңгіме барысында Танзилия Абдуловна өзінің қызметі туралы баяндады.  Ардагер шексіз қуанышты болды. Сонымен қатар, өз атынан академия басшылығына жылы лебізін білдірді.

 

1-курс курсанты Серикбаева Айдана