Бахытжан қажымен кездесу

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Марал ишан атындағы Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Бахытжан қажы Икрамұлы Академияның ғылыми және педагогикалық магистратурасының 1 және 2 курс магистранттарымен «Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бахытжан қажы Икрамұлы «исламдағы террористер», «суннизм», «шиизм» деген терминдерге түсінік беріп, заң жүзінде тыйым салынған теріс діни ағымдарға тоқталды. Оның ішінде Хизбуттахрир, Таблиғи джамағат, вахабизм секілді теріс діни ағымдар туралы, олардың көп таралған аймақтары жөнінде ақпарат беріп, жастарымызды тура, хақ дінімізді тани білуге уағыздады.

Кездесуде магистранттар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, ортақ тақырыпты қызу талқылап, көптеген мәліметтер алды. Мұндай мағыналы әрі имани тәрбие беретін кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек….

 

 

Гулизат  Едресова
магистратура аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры