Академия курсанттары марапатқа ие болды!

2016 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының атынан республикалық сайыстарға белсене қатысып, танымал болып жүрген  «Ішкі істер құрамасы» жайдарман тобы Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінде «Жақсылықты бірге жасайық!» атты қайырымдылық концертін өткізді. Концерттің басты мақсаты көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлай отырып, түскен қаражатты көп балалы отбасыларға және балалар үйіне жәрдем ретінде беру болатын. Осы бір игі іс туралы бастапқы ұсыныс осы орта мектептің бастығы Әлмұрат Жұматайұлы Ахметовтен түскен болатын.

Ал, 2016 жылдың 15 ақпанында Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінің бастығы Әлмұрат Жұматайұлы Ахметов, бастықтың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Күлпара Мырзабайқызы Рахметова және аға тәлімгер Шынар Наурызбайқызы Сейдахметова Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына келіп, Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызыловқа және команда жетекшісі, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Балым Хозедиясқызы Құрманғалиеваға «Алғыс хат» табыс етті.

Бүгінгі таңда курсанттарымыз оқу ордамызда білім нәрін сіңіріп, кәсіби біліктерін шыңдап, ішкі істер органдарының беделін көтеріп, таңдаған маман иесінің майталманы болып, Отанымыздың гүлденуімен көркеюіне зор үлесін қосуда.

 

Тәрбие жұмысы бөлімі