Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары әскери самбодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын иеленді

2015 жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде әскери самбодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында академияның курсанттары жеңімпаз болып, әскери самбодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын орындады.

Аталған чемпионатқа 7 команда қатысты.

Олар:

  1. Астана қаласы;
  2. Ақмола облысы;
  3. Ақтөбе облысы;
  4. Батыс Қазақстан облысы;
  5. Қарағанды облысы;
  6. Оңтүстік Қазақстан облысы;
  7. Қостанай облысы.

Барлығы 108 спортшылар қатысты.

Қатысқандардың арасында: 6 спорт шебері, 36 спорт шеберіне үміткер, 29 бірінші санаттағы спортшылар.

Алғашқы кездесулердің бірінде Байдаурен Чуюнбаев ең маңызды қарсыласы Батыс Қазақстан облысының мықты палуаны Шыңғыс Кажиакбаров болды.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығымен әскери самбодан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы 4 курс курсанты Байдаурен Чуюнбаевқа және 3 курс курсанты Аслан Бекболатқа берілді.

Аталған курсанттардың жаттықтырушылары жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының қызметкерлері полиция полковнигі А.Ақылбеков, полиция подполковнигі Б.Өтенов, полиция подполковнигі Р.Таңқыбаев, полиция капитаны Е.Кабидуллинов.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов жаттықтырушылармен курсанттарды  салтанатты түрде құттықтап, сәттілікпен кәсіби өрлеу тіледі.

Бекболат Аслан

 

Чуюнбаев Байдаурен Анарбайұлы

 

 

Айдарбек Ақылбеков
жауынгерлік және дене дайындығы
кафедрасының аға оқытушысы,
полиция полковнигі