Академия – абыройы асқақтаған


Бар дейді, бір керемет оқу орны,
Ойға білім, ұршық – жіпсіз тоқу орны.
Ол орда Қостанай қаласында,
Шырақбектей атамыздың атында.

Академия, ол-абыройы асқақтаған,
Курсанттары кітап оқып қас қақпаған.
Академия, ол – құшағында тазалықтың,
Ауласына қыл қоқыста тастатпаған.

Келген қонақ, Елбасымыз бастаған,
Риза болып академияны мақтаған.
Академия кітабына тілек жазып,
Естелік қып, қолын қойып қалдырған.

Академия, мұндай қымбат кітапты,
Мұражайды, жәдігер қылып сақтаған.
Академия, ол – абыройы асқақтаған
Қанат қағып биіктерге самғаған.

 

 

 

Думанжан Тұрсынбай
ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясы
КОФ 1 курс курсанты