Ересектер арасындағы еркін күрес бойынша Қостанай облысының чемпионаты

Жарыс 2016 жылғы 10-12 қаңтар  аралығында өтті.

Ерлер арасында Денисов, Жітіқара, Науырзым, Қарасу, Қамысты, Сарыкөл, Жанкелды, Амангелды аудандарынан және Қостанай Рудный қалаларынан 80 -нен астам адам қатысты. Облыс чемпионаты болған соң, әр белдесу өте жоғары қарқында өтті.

Аталған жарысқа оқу ордамыздың курсанттары да белсене қатысып, келесі нәтижелерге жетті.

1 орын Шералы Елдос (1 курс) 61 келі салмақ дәрежесінде;

3 орын Елеуов Саламат (1 курс) 74 келі салмақ дәрежесінде.

 

 

Айдарбек Ақылбеков
жауынгерлік және дене дайындығы
кафедрасының аға оқытушысы,
полиция полковнигі