Қыз өссе, елдің көркі…

Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.

Осы таңда, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Иықтан шашы төгілген жерге, күмістен шашбау жарасқан белге» атты бұрымды қыздарымыз баршылық.

Облыстық «Қостанай таңы» газетінің «Қостанай ақшамы» қосымшасындағы «Ақмаңдайлым» бетінде  «Бұрымды арулар» атты байқау өткізілген болатын. Аталған байқауға біздің оқу ордамыздан мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Әсель Ақылбекова, оқу процесін жоспарлау бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Индира Хакимова және  күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанты полиция сержанты Айгерім Омарбек катысты. Олар бұрымдарының сұлулықтарымен сынға түсіп, бақтарын сынады. Байқау барысында аруларымыз суретке түсіп,  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Байқау соңында, біздің аруларымыз облыстық «Қостанай таңы» газетінің «Қостанай ақшамы» қосымшасында жарияланған «Бұрымды арулар» байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов «Бұрымды арулар» байқауына қатысқан аруларымызды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

 

Орынбасар Уақпаева