Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі

Осы тақырыпта тілдер кафедрасының 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 28 желтоқсанында Мәриям Хәкімжанова атындағы Қостанай қаласының әкімдігі білім бөлімінің № 20 мектебінің 11-сынып оқушыларымен Академия қызметкерлері және курсанттарының қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді.

Кездесуде оқу орнының қалыптасу және даму тарихымен, даңқты ішкі істер қызметінің генерал-лейтенанты, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбаевты, оның қоғамдағы рөлімен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары үшін Академияның мамандарды даярлау жұмысының негізгі бағыттары және болашағымен таныстыру бойынша сөз қозғалды.

Және де болашақ түлектерге Академияға іріктеу және қабылдау тәртібі, дәрігерлік куәландырудан өту тәртібі, дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру тәртіптері туралы айтылды.

Сөз тізгіні жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты магистратурасының магистранты полиция лейтенанты Амантай Мұратқа келіп, құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің жұмысы және Академия магистратурасында алып жатқан білімі туралы баяндады, ал КОФ 4-курс, 48-оқу тобының курсанты полиция қатарындағы Бексұлтан Бөбекбай мектеп табалдырығын аттап, аталмыш оқу орнына түсіп, 4-курсқа дейінгі қысқаша өмірбаянын айта отырып, оқушылардың қызуғышылығын оятты.

Кездесуге келген әр баяндамашылардан кейін мектеп шәкірттері өздеріне қажет, қызықты деген сұрақтарын қойып, қонақтардың толық жауабына  қанық болды. Жүздесу соңында мектеп оқушыларымен естелік сурет түсірілді.

 

Ербол Деріпсалдин,
тілдер кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі