Сертификат алды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен 2015 жылғы 20 қарашада мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған осы тестілеуге облыстағы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері тартылды. Біздің оқу орнымыздан өз ынталары бойынша ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сейпиева Кульбайра Рамазанқызы мен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ақылбекова Асель Батырбайқызы да қатысты.

Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі болып табылатын ҚАЗТЕСТ сұрақтарынан сүрінбей өткен әріптестеріміз қазақ тілін B1 деңгейі дәрежесінде меңгергенін растайтын сертификат алды.

Мемлекеттік тілді тиісті деңгейде білетіндіктерін дәлелдеп, өз ұжымына үлгі көрсеткен Кульбайра Рамазанқызы мен Асель Батырбайқызын лицензиялық сертификаттарымен құттықтаймыз.

 

Құрбанәлі Елмұратов,
Мемлекеттік тіл бөлімшесінің
бастығы