«Бабалар аңсаған тәуелсіздік» атты викториналық сайыс

Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Сайысымызға қазақтың Асанқайғысы деп аталған Айбек Қалиевтың сөзін келтіргім келіп отыр:

Мен қазақпын ғұндардың ұрпағымын,
Кезінде Бейжіңді де шауып келген.
Мен қазақпын Мөдемін, Атилламын,
Бар ғалам қаһарынан қауіптенген.
Мен кешегі сақтардың сарқытымын,
Парсылар ерлігіне парық берген.
Күннің астын билеген Күлтегінмін,
Күллі әлем ерлігімді танып көрген.
Мен Бейбарыс тоқтатып Шыңғысханды,
Мұсылманға еркіндік алып берген.
Мен қазақпын Кереймін, Жәнібекпін,
Жазылған тарихқа алтын әріптермен.
Мен Қасыммын, Тәукемін, Абылаймын,
Тектілік рухына қанып келген.
Мен Абаймын, Шоқанмын, Ыбыраймын,
Даңқым бар дүнйеге дәріптелген.
Мен Әлихан, Ахмет, Міржақыппын,
Алаштың аспанында жанып-сөнген.
Мен кешегі қаһарман Бауыржанмын,
Мәскеуді кеудемменен жауып берген.
Мына мен Рахымжанмын,
Рейхстагтың төбесіне ту тігіп алып берген.
Мен қазақпын Қайратпын, Ләззатпын,
Желтоқсанның көк мұзын жарып берген.
Мәңгіліктен жол тарттым мәңгілікке,
Дәрежелі орнымды алып төрден.

Осындай керемет өлең жолдарымен курсант мырзаларды курсант мырзаларды патриоттық, отан сүйгіштік тәрбиелерге баулу мақсатында сайыс өткіздік. Сайысқа Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 1 курсының қазақ тілінде оқитын барлық топтары қатыстырылды. Сайыстың қызу барысына қазылық жүргізіп, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының бастығы, ф.ғ.к., полиция полковнигі Д.Б.Тойматаев төрағалық етсе, «Тілдер кафедрасының» доценты, полиция полковнигі Г.К.Ескатова, КОФ 2 курс курсанты А.Талғатқызы мүшелік етті. Тартысты сайыста КОФ 1 курсының 102 оқу тобы 1 орынды жеңіп алса, 2 орынды 109 оқу тобы, 3 орынды 104 оқу тобы жеңді. Сайыстың үздік ойыншысы болып 102 оқу тобының курсанты Д.Уали алды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ұлтымыздың рухын көтеріп, курсанттарға тәрбие-тағылым беретін осындай оқудан тыс іс-шаралар көбінен болсын. Бұлар курсанттардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деген сенімдеміз.

 

МҚП кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Дина Қарымсакова

МҚП кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Медетбек Смағұлов