Академия қызметкерлері өңірлік — ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты…

Академия қызметкерлері – Сейпиева Кульбайра Рамазановна — ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі, Бекмагамбетов Руслан Кабдугалиевич — мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі, Табулденов Алибек Нурмагамбетович — магистратура бастығы, тарих ғылымдарының кандидаты, полиция майоры, Видершпан Александр Валерьянович – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі, Туйганов Мырзабек Сардарбекович – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, полиция капитаны 2015 жылдың 14 желтоқсанда Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының негізінде Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Д-Консалтинг» ЖШС мен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Стратегия 2050 – қазіргі жағдайдағы Қазақстанның басты ресурсы» атты өңірлік ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысып өздерінің ғылыми мақалаларын ұсынды.

Конференцияға қатысқандардың арасында еліміздің жоғары, орта кәсіби, орта білім беру орындарының, мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарының мүшелері болды. Олардың ішінде Мақанов Жанділдә Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы, Кабульдинов Зиябек Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, т.ғ.д., Чеботарев Андрей, политолог, Алматы қ. Альтернатива Өзекті зерттеулер орталығының директоры және т.б.

 

Мырзабек Туйганов
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы,
полиция капитаны