Магистратурада Елбасы Жолдауы талқыланды

2015 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында магистратура бастығы полиция майоры Ә.Н. Табулденов ғылыми және педагогикалық, бейіндік бағыт бойынша білім алып жатқан магистранттарға баяндама жасады.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан халқының тұрақты болашаққа деген сенімін нығайтатынын, Елбасының көрегендігінің арқасында дағдарысқа қарсы стратегия алдын ала дайындалып, ол үш қарапайым да маңызды ұғымдарды – өсім, реформалар, дамуды қамтитынын айтты. Жолдау барысында Елбасымыздың «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Бүгінгі ахуал — жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал табуымыз керектігін», — деген сөзін келтіріп, жастарды қолдағы күш-қуатпен, бойындағы ақыл-білімімен, жүректегі намыспен елбасының Жолдауын іске асыруға шақырды.

Әлібек Нұрмағанбетұлы Елбасы Жолдауының әр бағытына тоқталып, мысал келтіре отыра толық талдау жасады. Елбасының халықтың жағдайын кеңінен қамтып, алдағы жылдың 1-қаңтарынан арнайы жәрдемақылар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақыларын көтеруді және ел экономикасына елеулі көмек боларлық қаржыны заңдасыруды атқарушы өкілдіктерге тапсырғанына тоқталды. Сонымен қатар, Елбасы ағымдағы ғасырда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, білім саласындағы иновацияны дамыту және техникалық маман иелерін көптеп даярлау керектігін нақтылап көрсетіп бергенін баса айтып, магистранттарға «Біз, жастар — ел ертеңі қозғаушы күш ретінде, қолдағы қайрат пен жүректегі жалын арқылы Елбасымыз бен алдыңғы толқын ағаларымыздың жолын қуып, атқарылған шаруаларды жалғастырып, алға қойған жоспарларды жүзеге асыруға міндеттіміз»,  деген жалынды сөзімен аяқтады.

Магистранттар өз кезегінде Елбасы Жолдауын бір кісідей қолдайтындықтарын айтып, ризашылықтарын ду қол шапалақпен білдірді.

 

Гулизат Едресова
магистратура аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры