Самбо күресінен курсанттарымыз жеңіске жетті

2015 жылғы 03-06 желтоксан аралығында Талдықорған қаласында «Өркен» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне және КСРО спортшысы К.Мейрембаевты еске алуға арналған самбо күресінен 23 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионты өткізілді. Республиканың 14 облысынан мықтылардың басын қосқан жарыс жоғары деңгейде өтті.

Аталмыш жарысқа ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі М.А.Қызыловтың қолдауымен жаттықтырушы Р.С.Танқыбаев бастаған спортшылар белсене қатысты. Қостанай облысынан аттанған самбошылар Қ.Тоқтар (48кг), Б.Бимолда (57кг), М.Камиев, Н.Гилмиденов (62кг), А.Шакимбаев (74кг), А.Шайкен және Б.Оразымбет (82кг) чемпионатта жақсы нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша, М.Камиев 1-орынды жеңіп алып, самбо күресінен спорт шебері атағын алды. ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-курс курсанты, мектеп қабырғасынан спортты өзіне бағындырған, талай жарыстардың жеңімпазы Қымбат Тоқтар 3-орынды иеленіп, өзінің шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті.

 

Руслан Таңқыбаев
жауынгерлік және дене дайындығы
кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі