Елбасы мерекесін тойлауға арналған іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Егеменді ел болып, Елбасы күнін тойладық. Біздің академиямыздың қабырғасында төл мереке өз деңгейінде аталып өтті.

3 курс курсанттары Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасымен бірге – мықты Қазақстан үшін» атты мерекелік іс-шара өткізді.Мерекелік кешіміздің ашылу сәті мен жалпы өткізілу барысын оқу жұмыстары бойынша курс старшинасы полиция сержанты Б.Әлиасқарұлы жүргізді. Бұл іс-шарада Академияның, сонымен қатар курстың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан курсанттары Академия бастығынан марапаттау, кезекті арнайы атақтарын және де алғыс хаттарын алды. Олар: полиция сержанты Құралбай М, полиция қатарындағы Әзімбай Ж, полиция қатарындағы Серіков Д,полиция қатарындағы Телемисова А, полиция сержанты УспановаС, полиция сержанты Тлектесова М. Кезекті сержант арнайы атағын алғандар: полиция кіші сержанты Шапибай Е, полиция кіші сержанты Әлиасқарұлы Б, полиция кіші сержанты Қарпық А, полиция кіші сержанты Жорабек Н.

Аталмыш іс-шараға ҚМПИ – дың жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, облыстық Ы.Алтынсарин атындағы көркем — мұражайының қызметкерлері Елбасының жеке өмірінен сыр шертер мол мағлұматтар оқып, өмір жолы мен жеткен жетістіктерін баяндайтын деректі фильм курсанттар назарына ұсынылды.

Мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.

 

 

Асхат Примкулов
3 курс бастығының орынбасары
полиция капитаны