«ЕЛІНЕ ҚАЛАУЛЫ ЕЛБАСЫ»

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында, тәрбие жұмысы бөлімімен бірігіп, І курс  курсантарымен іс-шара өткізілді. «Президент күні – барша Қазақстанның бірлігі күні» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, І курс курсанттары барша көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлады. Концерттік бағдарламада патриоттық әндер және шығармашылық өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының полиция капитаны Смагулов Медетбек Көшкінбайұлы елбасының ғұмыры мен еңбектеріне шағын баяндама оқып, курсанттарды маңызды мәліметтермен таныстырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 24 жыл президент болып келе жатыр. Осы 24 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің Тұңғыш Президентіне алғысымыз шексіз!

 

Қайрат Қадыров
1-ші курс бастығының орынбасары
полиция аға лейтенанты