Имаммен кездесу

«…Біз елдің дәстүрлері мен мәдени қағидаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз тәлім-тәрбиенің ерекше үлгілерін алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды».

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

 

29.11.2015ж. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы 2 курс жеке құрамы Қостанай мешітінің имамы Дайыр Дуйсен Саринжипұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында діни экстремизммен күрес және оның алдын алу жолдары қозғалды.

«Шынында, адам діннен ешқашан тыс бола аламайды. Өмірге келгенде құлағына азан айтылып, аты қойылады. Өмірден кеткенде артынан құран аяттары оқытылады. Сондықтан намаз оқушылардың бәріне күдікпен қарамаған жөн» деген ол жат ағымның ара-жігін ажырата білу керектігін баса айтты. Оның айтуынша, жат ағымдағылардың мақсаты – олар жерінде байлығы бар елдерге бүлік салады. Елдің тыныштығын бұзып, байлығын бөліске салуды көздейді. Дұрыс дінде жүру үшін діни сауаттылық керек.

Имамның айтуы бойынша экстремистік топ құрылу және басқа ағымдағы ағайындардың өту себебі – діни сауатсыздық. Яғни бұның бірден – бір себебі дін туралы мешіттен, имамнан емес интернеттен және басқа дін ағымдардың өкілеттіктерінен алғаны туралы айтылды. Бұның алдын алу діни сауаттылықты тек мешіттерден және имамдардан алу туралы керек екенін ескертті.

Жақында Астана қаласында ҚР діни басқармасының конференциясы өткенін, онда ең басты қаралған мәселе ол діни салауатсыздық жайлы айтылды. Медреселердің көбеюі туралы сөз қозғалды. Біздің мамандықтағы басқа діни ағымдармен күрес жайлы және тәрбиелік жолдары туралы өз пікірін курсанттарға түсіндірді.

Бұл кездесу барысында курсанттар көп мағұламаттар алды.

 

Мағжан Әбікен
209 топтың тыңдаушысы