Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өткізу

2015 жылғы 26 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған Қазақстан Республикасы ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 105 оқу тобының кураторы полиция майоры Е.С. Акимжанов, 106 оқу тобының кураторы полиция подполковнигі Д.Т. Мендыбаева, 111 және 112 оқу тобының кураторы полиция капитаны С.О. Байгабулова, 214 оқу тобының кураторы полиция аға лейтенанты В.С. Касенованың ұйымдастыруымен Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының өнер шығармашылық  бөлімінің маманы, кітапханашы Динара Аскаровна Кулмагамбетовамен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты тыңдаушылардың халық мәдениетіне деген қызығушылығын оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қазақ елінің туын көтерген тұрлаулы  және тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне  қалыптастыру үлкен рөлі бар туралы айтылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы –жер бетіне сөзін өткізіп отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінге әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге әкеліп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер. Президентіміз елдің, мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар – ожданы ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді.

Іс-шара соңында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны туралы «Назарбаев.Live»  деген деректі фильм көрсетілді. Іс-шара өз мақсатына жетті.

 

Ерик Акимжанов
105 оқу тобының кураторы
полиция майоры
 
Дилара Мендыбаева
106 оқу тобының кураторы
полиция подполковнигі
 
Сауле Байгабулова
111, 112 оқу топтарының кураторы
полиция капитаны
 
Венера Касенова
214 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты