Бейбітшілік сыйлаған тұлға

Ағымдағы жылдың 26-шы қарашасында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел таңдауы – Біздің Президент» атты мерекелік іс-шара аталып өтті.

Бұл өткізілген іс-шараның мақсаты Қазақстан халқының көшбасшысы туралы білімді тереңдету, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, Отанға деген, ҚР Тұңғыш Президентіне сүйіспеншілік пен махаббатты толықтыру болып табылады.

Аталмыш іс-шараға арнайы Қостанай облысының Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі К.С.Иманов, «Армандастар» студиясы өз-өнерлерін тыңдаушыларымызға паш етті. Қойылымдар арасында Елбасымыздың жеке тұлғалық қасиеттерін атап, сонымен бірге шағын деректі фильмдерді тыңдаушылар мен офицерлердің назарына ұсынды.

Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс тыңдаушылары өткізілген мерекеге белсене қатысып, зер сала тыңдап, Елбасымыздың талаптылығына, білгірлігіне, төзімділігіне, алғырлығына тәнті болды.

Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, баршамызға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Асхат Примкулов
3 курс бастығының орынбасары
полиция капитаны